Лиганың директорлар кеңесінің мүшесі Александр Медведевтің айтуынша, матч 18-19 қаңтар күндері Санкт-Петербургте өтеді.
Айта кетейік, 2017 жылдан бері КХЛ жұлдыздарының матчы төрт дивизионның ең мықты өкілдері арасындағы турнир түрінде өтіп келеді. Жұлдыздардың соңғы матчы Қазан қаласында өтті, ал оның жеңімпаздары Чернышев дивизионының хоккейшілері болды, олардың қатарында «Барыс» ойыншылары Даррен Диц пен Роман Старченко болған еді.
2018 жылғы жұлдыздар матчын Қазақстан астанасы қабылдап алған болатын.