Атап айтқанда, 2011-2012 ойын маусымында ҚХЛ чемпионатының үздік хоккейшілерін анықтайтын комиссия спортшылар бойынша жинақталған статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, бірқатар аталым бойынша биылғы қаңтардағы үздіктерді атады.
«Үздік қақпашы» болып Новокузнецкінің «Металлург» командасындағы Теем Лассила танылды. Ол шабуыл кезіндегі 94 пайызында шайбаны қайтарған.
«Үздік қорғаушы» атағына астаналық «Барыстың» хоккейшісі Кевин Даллмэн ие болды. Ол 10 ойында 10 ұпай жинап, үздік көрсетішке қол жеткізді.
«Үздік шабуылшы» атағына «Трактордың» хоккейшісі Евгений Кузнецов лайықты болып шықты.