ҚХЛ аясында «Барыс» омбылық «Авангардтан» жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы ауқымында астаналық «Барыс» Омбыда «Авангардқа» жол берді, есеп - 1:3, деп хабарлады sports.kz.

«Авангард» ойыншыларынан голды Куляш, Паршин және Мусатов соқты. Астаналықтардан жалғыз шайбаны Роман Старченко қақпаға өткізді.

«Барыс» 57 ұпаймен Шығыс конференциясында алтыншы орында келеді. Астаналықтар келесі ойынын 30 желтоқсанда челябілік «Трактормен» өткізеді.