Ойынның бірінші кезеңінде айдын иелері есеп ашып, өздерінің басымдықтарын көрсетті. Алайда, екінші кезеңде астаналық команда есепті теңестіріп қана қоймай, екінші шайбаны салып еселей түсті. Ал бұл тартысты доданың үшінші кезеңінде «Металлург» хоккейшілері есепті теңестіру мүмкіндігіне қол жеткізді (2:2). Бірақ та, ойынның аяқталуына бірнеше секунд қалғанда Камил Крепс үшінші шайбаны салып, «Барыс» командасына кезекті жеңісін алып берді.
«Барыс» хоккейшілерінің келесі ойыны 8 желтоқсанда «Сібір» командасымен өтеді.