ҚХЛ: «Барыс» алдағы үш ойынға құрамын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» (Астана) Құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы үш ойынына қатысатын құрамын жариялады.

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Астаналық команда 4-8 қараша аралығында Ресейдің «Трактор» (Челябі), «Адмирал» (Владивосток), «Амур» (Хабаровск) командаларымен щеберлік байқасады.

«Барыс» командасының құрамы

Қақпашылар: Данил Лыткин («Номад» командасынан келді), Хантер Шепард, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Владислав Нурек Азия чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының сапына шақыру алса. Мәди Диханбек қалпына келу процесін жалғастыруда.

Матчтар кестесі (Астана уақытымен):

4 қараша, 16:00. «Трактор» - «Барыс»

6 қараша, 14:30. «Адмирал» - «Барыс»

8 қараша, 12:00. «Амур» - «Барыс».

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан екінші жеңісіне жетті.