ҚХЛ: «Барыс» Беларусьте «Динамо» клубын жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 28 қазанда Беларусьте «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізді.

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу барысында алғашқы екі кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде қазақстандық клуб соққан жалғыз гол кездесу тағдырын шешті.

«Динамо» (Минск, Беларусь) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)
0:1 — Симонов (Масси, Морелли) — 40:28
Қақпашылар: Фукале — Шутов.

«Барыс» командасының құрамы

Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Енді қазақстандық команда ертең, 30 қазанда 21:30–де Қытайдың «Шанхайские драконы» (Шанхай) командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық команда Ресейдің «Автомобилист» клубына есе жіберді.