Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 24 ойыннан кейін 25 ұпаймен он алтыншы орында тұрса, «Адмирал» клубы 23 ойыннан кейін 25 ұпаймен он сегізінші орынға жайғасқан.
Елордалық команда соңғы алты ойынның екеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің төртеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.
Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің біреуінде елордалық клуб жеңіске жетті.
«Барыс» командасының құрамы
Қақпашылар: Данил Лыткин («Номад» командасынан келді), Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Қазақстандық команда бұдан кейін тағы бір ойынын елордада өткізіп, 15 қарашада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) ұжымын қабылдайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» екінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.