ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Ак Барс» клубымен ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 20 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.
Екі команда бұған дейін 56 мәрте кездескен. Оның 11-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі он кездесудің тоғызында қазақстандық ұжым аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 35 ұпаймен 23-орында тұрса, «Ак Барс» 83 ұпаймен 16-орында келеді.
Енді «Барыс» бұдан кейін ҚХЛ-дың тұрақты кезеңінде бір ойынын Астанада өткізеді.
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңіндегі соңғы ойынында 22 наурызда «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Сибирьге» есе жіберді.