ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Авангард» командасымен ойнайды
08:49, 16 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 16 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 14 ұпаймен 16-орынға жайғасса, «Авангард» 22 ұпаймен 2-орында келеді.
Елордалық клуб бұдан кейін екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 18 қазанда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасымен кездессе, 24 қазанда «Амур» (Хабаровск) клубымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан алтыншы мәрте жеңілді.