ҚХЛ: «Барыс» бүгін минскілік «Динамо» командасын қабылдайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 13 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ойын елорда уақытымен 17:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 33 мәрте кездескен. Оның 14-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен. 

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Айта кетсек, жаңа маусымға дайындық аясында «Барыс» хоккей клубы Астанада өткен Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен екі бақылау ойынында (3:2, 3:1) жеңіске жетті.
Айта кетсек, биыл елордалық клубпен АҚШ хоккейшілері Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко және өзге де ойыншылар келісімшартқа қол қойды.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық команда елордада Ресейдің «Трактор» (4:3, овертайм), «Амур» (4:3, буллит) клубтарынан басым түсті.