Кездесу Қазақстан уақытымен 14:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 16 ойыннан кейін 20 ұпаймен жетінші орында тұрса, «Сибирь» 17 ойыннан кейін 15 ұпаймен он жетінші орынға жайғасқан.
Елордалық команда соңғы алты ойынның бесеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің үшеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.
Екі команда арасындағы соңғы бес ойынның біреуінде елордалық клуб жеңіске жетті.
«Барыс» командасының құрамы
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанали Саркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Қазақстандық команда бұдан кейін бір кездесуді сырт айдында өткізіп, 21 қазанда Ресейде «Адмирал» (Владивосток) клубымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын 17 қазанда Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасын 1:0 есебімен қапы қалдырып, жетінші орынға көтерілді.