Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Турнир кестесінде «Металлург» командасы 5 ойыннан кейін 10 ұпаймен бірінші орында тұрса, «Барыс» 6 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.
Екі команда арасындағы соңғы бес кездесуде елордалық клуб барлығында қарсыласына есе жіберді.
Алдағы ойындарға «Барыстың» құрамы
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Айта кетсек, қазақстандық команда бұдан кейін тағы екі кездесуін сырт айдында өткізеді.
Алдымен 20 қыркүйекте Ресейде «Локомотив» (Ярославль) клубымен кездессе, 22 қыркүйекте «Динамо» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық команда 16 қыркүйекте Ресейде «Лада» (Тольятти) клубын 6:0 есебімен жеңді.