АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 17 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.
Ойын елорда уақытымен 17:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 61 мәрте кездескен. Оның 29-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің екеуінде қазақстандық ұжым аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 35 ұпаймен 23-орында тұрса, «Сибирь» 66 ұпаймен 16-орында келеді.
Енді «Барыс» бұдан кейін ҚХЛ-дың тұрақты кезеңінде екі ойынын Астанада өткізеді.
Алдымен елордада 20 наурызда Ресейдің «Ак барс» (Қазан) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 22 наурызда «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Амурға» есе жіберді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.