Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Турнир кестесінде «Спартак» командасы 11 ойыннан кейін 11 ұпаймен он бесінші орында тұрса, «Барыс» 11 ойыннан кейін 12 ұпаймен оныншы орында келеді.
Екі құрама арасындағы соңғы бес кездесудің төртеуіне қазақстандық команда қарсыласына есе жіберді.
«Барыстың» құрамы
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Қазақстандық команда бұдан кейін үш ойынын елордада өткізеді. Алдымен 10 қазанда Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасымен кездессе, одан кейін 12 қазанда «Сибирь» (Новосібір), 14 қазанда «Автомобилист» (Екатеринбург) клубтарымен ойнайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» овертаймда «Нефтехимиктен» басым түсті.