ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Трактор» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасына қарсы өткізеді.

Фото: icehockey.kz

Кездесу бүгін, 6 қыркүйекте сағат 19:00-дe басталады.

Екі команда бұған дейін 57 мәрте кездескен. Оның 31-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Соңғы екі ойында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына есе жіберді.

Ал 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) командаларымен шеберлік байқасады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, америкалық ковбойлар командасы V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға Қазақстанға келді. Астаналықтар көкпардан АҚШ-тың құрама мүшелерін әуежайдан қарсы алды.