ҚХЛ: «Барыс» буллиттен «Амурға» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 31 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Амур» (Хабаровск) клубына қарсы өткізді.
Бірінші кезеңде қазақстандық команда алғашқы болып есеп ашқан еді. Олардың қатарынан Кирилл Ляпунов мергендік танытты. Екінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде ресейлік клубтан Ярослав Ляхачев таразы басын теңестірді.
«Амур» (Хабаровск, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 2:1 Б (0:1, 0:0, 1:0, 0:0, 1:0)
0:1 - Ляпунов (Данияр, Симонов) - 09:25
1:1 - Лихачёв (Рыков, Гальченюк) - 57:04
2:1 - Броадхёрст - 65:00 Б
Қақпашылар: Дорожко - Бояркин
Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллиттен «Амурдың» жолы болды.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 39 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Амур» 41 ұпаймен 18-орында келеді.
Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 2 ақпанда «Амур» (Хабаровск) командасымен тағы бір мәрте кездессе, 4 ақпанда «Адмирал» (Владивосток) клубымен шеберлік байқасады.