Бірінші кезеңде қазақстандық команда алғашқы болып есеп ашқан еді. Олардың қатарынан Кирилл Ляпунов мергендік танытты. Екінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде ресейлік клубтан Ярослав Ляхачев таразы басын теңестірді.
«Амур» (Хабаровск, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 2:1 Б (0:1, 0:0, 1:0, 0:0, 1:0)
0:1 - Ляпунов (Данияр, Симонов) - 09:25
1:1 - Лихачёв (Рыков, Гальченюк) - 57:04
2:1 - Броадхёрст - 65:00 Б
Қақпашылар: Дорожко - Бояркин
Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллиттен «Амурдың» жолы болды.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 39 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Амур» 41 ұпаймен 18-орында келеді.
Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 2 ақпанда «Амур» (Хабаровск) командасымен тағы бір мәрте кездессе, 4 ақпанда «Адмирал» (Владивосток) клубымен шеберлік байқасады.