Бүгінгі кездесуде командалар тартысты ойын өткізді. Алғашқы екі кезеңде ресейлік клуб төрт шайба соқса, оған қазақстандық ұжым үш голмен жауап берді. Шешуші кезеңде командалар бір-бір шайбадан алмасты.
«Адмирал» (Владивосток, Ресей) — «Барыс» (Қазақстан) 5:4 (1:2, 3:1, 1:1)
0:1 — Саркенов (Әсетов, Масси) — 05:59
0:2 — Дэй (Масси, Өмірбеков) — 08:31
1:2 — Моисеев (Шулак, Рендулич) — 11:05
2:2 — Усманов (Муранов, Ващенко) — 21:07
2:3 — Өмірбеков (Шестаков, Бритиков) — 21:20
3:3 — Лучевников (Пименов, Цицюра) — 33:01
4:3 — Рендулич (Завгородний, Пименов) — 39:13 ГБ
4:4 — Бэйли (Приски, Томпсон) — 51:10 ГБ
5:4 — Ващенко (Булавчук, Шулак) — 57:57
Қақпашылар: Бояркин — Шутов.
Осылайша, «Барыс» қарсыласына 4:5 есебімен есе жіберді.
Бұл — қазақстандық команданың қатарынан екінші жеңілісі.
Елордалық команда соңғы алты ойынның екеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің төртеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.
Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің екеуінде елордалық клуб жеңіске жетті.
«Барыс» командасының құрамы
Қақпашылар: Данил Лыткин («Номад» командасынан келді), Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Владислав Нурек Азия чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының сапына шақыру алса, Мәди Диханбек қалпына келу процесін жалғастыруда.
Айта кетсек, қазақстандық клуб алдағы бір ойынын Ресейде 8 қарашада 12:00–де «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізеді.