ҚХЛ: «Барыс» елордада «Автомобилистті» жеңіп, сегізінші орынға көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 14 қазанда елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді.

Фото: «Барыс» ХК

Кездесу барысында командалар бірден шабуылға көңіл бөлді. Бірінші кезеңде қазақстандық клуб бір шайба соғып үлгерсек, оған екінші кезеңде ресейлік ұжым бір голмен жауап қайырды. Шешуші кезеңде қазақстандық команда тағы бір мәрте көзге түсті.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) - Автомобилист (Екатеринбург, Ресей) 4:1 (1:0, 1:1, 2:0)

1:0 - Приски (Маккошен, Әсетов) - 10:13

1:1 - Каштанов (Денежкин, Клэг) - 27:22

2:1 - Масси (Шестаков) - 38:42

3:1 - Қайыржан (Приски, Бэйли) - 49:30 ГБ

4:1 - Өмірбеков (Пилон) - 54:32

Қақпашылар: Шутов - Зинаддин.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 18 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді.

Қазақстандық команда бұдан кейін қатарынан үш кездесуді сырт айдында өткізеді. Алдымен 17 қазанда Ресейде «Сибирь» (Новосібір) клубымен кездессе, одан кейін 19 қазанда «Амур» (Хабаровск), 21 қазанда «Адмирал» (Владивосток) командаларымен шеберлік байқасады.