АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 15 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізді.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Биылғы маусымда қазақстандық команда сәтсіз өткізді. Қазірдің өзінде плей-офф сатысына шығу мүмкіндігінен құр қалды. Команда құрамында негізінен жастар ойын көрсетіп жүр. Соған қарамастан бүгінгі кездесуде олар жеңіске жетуге бар күшін салды.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Ойынның 10-минутында «Лада» хоккейшісі Никита Михайлов есеп ашқан еді. Одан кейін елордалық клубтан Мстислав Шипилин 23, Кирилл Ляпунов 25-минутта екі шайба соғып кетті. Ал ресейлік клубтан Никита Михайлов 50-минутта тағы бір мәрте көзге түссе, одан кейін Алексей Ожгихин 58, Дмитрий Кугрышев 58-минутта мергендік танытты.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 29 ұпаймен 23-орында тұрса, «Лада» 44 ұпаймен 20-орында келеді.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі үш ойынын елордада өткізеді. Алдымен 17 ақпанда «Металлург» (Магниогорск) клубымен ойнаса, 20 ақпанда «Северсталь» (Череповец), 22 ақпанда «Адмирал» (Владивосток) командасымен кездеседі.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.