ҚХЛ: «Барыс» елордада ЦСКА командасына есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 8 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізді.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Бұл кездесуде елордалық клуб негізінен жас хоккейшілерге сенім артты. «Барыс» сапындағы Қазақстан құрамасының екі қақпашысы Никита Бояркин мен Андрей Шутов жарақат алып қалуына байланысты олардың орнын Аркадий Шестаков басты. Сондай-ақ осындай себептермен өзге де жас хоккейшілер мұзайдынға шықты.
Кездесу барысында ресейлік клубтан Владислав Провольнев 1-минутта есеп ашса, 8-минутта Станислав Галиев басымдықты арттырды.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Ал Станислав Галиев 21-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді.
Енді «Барыс» бұдан кейін ҚХЛ-дың тұрақты кезеңінде бес ойынын өткізеді.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Алдымен Ресейде 13 наурызда «Адмирал» (Владивосток) клубымен кездессе, 15 наурызда «Амур» (Хабаровск), 17 наурызда «Сибирь» (Новосібір) клубтарымен ойнайды.
Ал елордада 20 наурызда Ресейдің «Ак барс» (Қазан) командасы 22 наурызда «Салават Юлаев» (Уфа) клубтарымен кездеседі.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.