ҚХЛ: «Барыс» елордада ЦСКА командасынан басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 17 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) клубына қарсы өткізді.
Бірінші кезеңде елордалық команда бір шайба соғып кетті. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде қазақстандық клуб екі шайба енгізсе, оған ресейлік хоккейшілер бір голмен жауап берді.
«Барыс» (Астана) — ЦСКА (Мәскеу, Ресей) 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)
1:0 — Томпсон (Морелли) — 13:00
2:0 — Веккьоне (Уолш, Морелли) — 53:24
2:1 — Соркин (Полтапов, Карнаухов) — 56:37
3:1 — Веккьоне (Шил) — 59:23
Қақпашылар: Шил — Самонов
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Олар бұдан бұрын қатарынан бес мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан еді.
Қазірге дейін командалар 33 мәрте шеберлік байқасты. Оның 9-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын Ресейде өткізеді. Алдымен 20 қаңтарда Ресейдің «Лада» (Тольяттиу) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 22 қаңтарда ЦСКА, 24 қаңтарда «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен ойнайды.