ҚХЛ: «Барыс» қатарынан алтыншы мәрте жеңілді

Фото: Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізді.

Елордалық клуб кездесуді белсенді бастады. Алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 16-минутында Аркадий Шестаков мергендік танытты.

Одан кейін реесйлік команда қатарынан үш шайба соғып кетті. Оны Михаил Гуляев 26, Николай Прохоркин 30, Сергей Бойков 59-минутта өзінің еншісіне жазды.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 56 ойыннан кейін 44 ұпаймен 21-орында тұр.

Қазақстандық ұжым енді алдағы төрт ойынды да елордада өткізеді.

Алдымен 4 және 6 ақпанда «Амур» (Хабаровск) клубымен кездессе, 8 ақпанда СКА (Санкт- Петербург), 10 ақпанда «Спартак» (Мәскеу) клубтарымен ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Ак Барстан» төртінші мәрте жеңілді.