ҚХЛ: «Барыс» қатарынан екінші рет жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 27 қыркүйекте елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізді.

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу барысында ресейлік команда белсенділік көрсетті. Нәтижесінде олар бірінші кезеңде жауапсыз үш шайба соғып кетті. Екінші кезеңде команда екі мәртеден көзге түсті. 

Шешуші кезеңде 
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — СКА (Санкт-Петербург, Ресей) 3:6 (0:3, 2:2, 1:0)
0:1 — Бардаков (Атанасов, Мироманов) — 00:56
0:2 — Плотников (Бардаков) — 06:22
0:3 — Плотников (Голдобин, Уилсон) — 15:38
1:3 — Логвин (Бритиков) — 21:54
1:4 — Глотов (Короткий, Мироманов) — 30:22
1:5 — Глотов (Романов) — 31:56 ГМ
2:5 — Логвин (Дэй, Кайыржан) — 33:34
3:5 — Симонов (Приски, Ляпунов) — 51:25
Қақпашылар: Шепард (Шутов, 30:22 — 60:00) — Плешков.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді.

Жарақатына байланысты екі команда сапынан бүгінгі ойынға қатыса алмайтын хоккейшілер белгілі болды. Олардың қатарында «Барыс» сапынан Мәди Диқанбек болса, СКА құрамынан Линус Вайссбак бар.

Соңғы бес кездесудің барлығында қазақстандық команда қарсыласына есе жіберді. 

Айта кетсек, қазақстандық команда бұдан кейін үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 30 қыркүйекте Ресейде «Ак Барс» (Қазан) клубымен кездессе, одан кейін 2 қазанда «Нефтехимик» (Нижнекамск), 4 қазанда «Спартак» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Нефтехимикке» есе жіберді.