ҚХЛ: «Барыс» қатарынан екінші жеңісіне жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 30 қазанда Қытайдың «Шанхай Дрэгонс» (Шанхай) командасына қарсы өткізді.

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Алғашқы кезеңде қытайлық команда бір гол енгізсе, екінші кезеңде тағы бір мәрте көзге түсті. Одан кейін қазақстандық команда таразы басын теңестірді. Шешуші кезеңде қазақстандық клуб тағы екі шайба соғып, қорытынды есепті белгіледі.

«Шанхай Дрэгонс» (Шанхай, Қытай) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 2:4 (1:0, 1:2, 0:2)

1:0 — Барулин (Александров) — 10:51
2:0 — Менелл (Саттер) — 20:20
2:1 — Томпсон (Бэйли, Морелли) — 29:37
2:2 — Томпсон (Приски, Морелли) — 30:46
2:3 — Саркенов (Пилон, Маккошен) — 54:33
2:4 — Томпсон — 59:43

Қақпашылар: Мифтахов — Шутов.

Осылайша, елордалық клуб қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті. Бұл — олардың қатарынан екінші жеңісі.

«Барыс» командасының құрамы

Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.

Қораушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Енді қазақстандық клуб алдағы үш ойынын Ресейде өткізеді. Алдымен 4 қарашада Ресейде «Трактор» (Челябі) клубымен кездессе, одан кейін 6 қарашада «Адмирал» (Влаивосток), 8 қарашада «Амур» (Хабаровск) командаларымен ойнайды.