АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 3 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Кездесу барысында ресейлік командадан Никита Хоружев 23-минутта есеп ашса, Андрей Белозёров 25-минутта басымдықты арттырды.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Ал «Барыс» сапынан Кирилл Панюков 26-минутта есеп айырмасын қысқартса, Андрей Белозёров 27-минутта тағы бір мәрте көзге түсті.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Ойынның 33-минутта елордалық клубтан Дінмұхамед Қайыржан мергендік танытса, одан кейін «Нефтехимик» Иван Николишин 47-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Кездесу нүктесін 51-минутта хет-триктің авторы атанған Андрей Белозёров қойды.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді. Бұл елордалық клубтың қатарынан төртінші жеңіліс.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Қазақстандық клуб бұдан кейін төрт ойынын елордада өткізеді. Алдымен 5 қарашада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен ойнаса, 7 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург), 9 қарашада «Металлург» (Магнитогорск) клубтарымен шеберлік байқасады.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.