ҚХЛ: «Барыс» қатарынан төртінші рет жеңіліс тапты
22:11, 29 Қараша 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында Магнитогорскіде «Металлург» командасымен айдынға шықты.
«Металлург» Шығыс конференциясында 5-орында тұрса, қазақстандық клуб 11-сатыда еді.
Жергілікті команда құрамында Владислав Ерёменко мен Александр Петунин мергендік танытып, «Металлург» 2:0 есебімен жеңіске жетті.
«Барыс» осымен қатарынан төртінші рет жеңіліс тапты.
Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері 1 желтоқсанда Мәскеуде ЦСКА командасымен ойнайды. Содан кейін Астанаға оралады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» түзде «Сибирь» командасынан жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.