Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына есе жіберді, деп хабарлайды Kazinform .
«Барыс» пен «Торпедо» кездесуі бір минут үнсіздікпен басталды.
Кездесу барысында ресейлік клубтан Владислав Фирстов 15-минутта есеп ашса, Егор Виноградов 26-минутта есепті үстемелей түсті.
Оған «Барыс» сапынан Батырлан Мұратов 43-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Бұл - олардың қатарынан үшінші жеңілісі.
Енді елордалық клуб алдағы үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен Ресейде «Металлург» (Магнитогосрк) клубымен кездессе, одан кейін 2 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург), 4 қарашада «Ак Барс» (Қазан) командаларымен ойнайды.
Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын Беларусьтің «Динамо» (Минск) (2:5) командасына есе жіберді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.