ҚХЛ: «Барыс» Мәскеуде ЦСКА командасымен шеберлік байқасады

Фото: Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында бүгін «Барыс» Мәскеуде ЦСКА командасымен кездеседі.

ЦСКА – «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен сағат 18.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Мәскеулік команда 37 ұпаймен Батыс конференциясында 5-орында келеді. Ал астаналықтар небәрі 21 ұпаймен Шығыс конференциясында 11-сатыда тұр.

ЦСКА соңғы жеті кездесуінің бесеуінде қарсыластарын қапы қалдырса, «Барыс» қатарынан төрт рет жеңілді.

Бұл қос клубтың биылғы маусымдағы өзара алғашқы ойыны болмақ.

Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері бұдан кейін Астанаға оралып, 4 желтоқсан күні тағы бір мәскеулік команда – «Спартакты» қабылдайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» қатарынан төрт рет жеңіліс тапқанын жазған болатынбыз.