ҚХЛ: «Барыс» Мәскеуде ЦСКА командасына есе жіберді

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Мәскеуде «Барыс» жергілікті ЦСКА командасымен айдынға шықты.

Мамандар мәскеулік команданы фаворит деп есептеген болатын. Сол пікір расқа шықты.

Бірінші кезеңде айдын иелерінен Максим Мамин есеп ашты. Үшінші таймда олар есепті 3:1-ге жеткізді. ЦСКА-дан Егор Фатеев пен Константин Окулов көзге түссе, «Барыстан» Антон Бурдасов жауап қайырды.

Осылайша, Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері бесінші рет қатарынан жеңіліп қалды.
«Барыс» 4 желтоқсанда елордада Мәскеудің «Спартак» командасын қабылдайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» қатарынан төрт рет жеңіліс тапқанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, «Барыс» Мәскеуде ЦСКА командасымен шеберлік байқасады.