АСТАНА. KAZINFORM - Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) соңғы матчында «Барыс» өз айдынында «Салават Юлаев» (Уфа) командасын қабылдады.
Осыған дейін қатарынан үш рет жеңіліс тапқан елордалықтар бұл жолы да ҚХЛ кестесінде көш бастаушылардың біріне қауқар таныта алмады.
Бірінші кезеңде қонақтардан Александр Хмелевски мен Шелдон Ремпал мергендік танытты.
Екіншісінде «Барыстан» Аслан Жүсіпбеков есепті қысқартты. Алайда үшінші кезеңде Джош Ливо, Скот Уилсон гол соғып, есепті 4:1-ге жеткізді.
Осылайша, Ғалым Мәмбетәлиев жаттықтыратын «Барыс» клубы өз тарихында алғаш рет ҚХЛ-да соңғы орын алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» маусымның соңғы ойынын «Салават Юлаев» командасымен өткізетінін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).