ҚХЛ: «Барыс» «Метталург» командасына есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 26 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Метталург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында реесйлік клубтан Данил Вовченко 18, Робин Пресс 31, Борис Осипович 33, Люк Джонсон 42-минутта мергендік танытты.
Оған қазақстандық клубтан Семён Симонов 57-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.
Екі команда бұған дейін 75 мәрте кездескен. Оның 27-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 29 ұпаймен 23-орында тұрса, «Северсталь» 76 ұпаймен 7-орында келеді.
Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 28 ақпанда «Лада» (Тольятти) клубымен кездессе, 2 наурызда «Трактор» (Челябі) командасымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, «Барыс» қатарынан сегізінші мәрте жеңіліп қалды.