АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 13 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізді.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Кездесу барысында беларусьтік команда тізгінді қолда ұстауға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан 5-минутта Алекс Лимок мергендік танытты.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Ойынның 32-минутта «Барыс» хоккейшісі Майк Веккионе таразы басын теңестірсе, одан кейін Алекс Лимож 34-минутта тағы бір мәрте «Барыс» қақпасын дәл көздеді.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Ал 39-минутта «Динамо» сапынан Сэм Энас қорытынды есепті белгіледі.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, екі команда бұған дейін 54 мәрте кездескен. Оның 24-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық команда елордада Ресейдің «Трактор» (4:3, овертайм), «Амур» (4:3, буллит) клубтарынан басым түсті.
Енді елордалық клуб алдағы бір тағы бір ойынын елордада өткізіп, бұл жолы Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасын қабылдайды.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.