ҚХЛ: «Барыс» «Нефтехимик» командасына есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 27 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді.
Командалар турнир кестесінде қатарлас келеді. Сондықтан екеуі де бүгінгі кездесуде жеңіске жетіп, жағдайын жақсартып алуға тырысты.
Ойын барысында ресейлік клубтың белсенділігі байқалып тұрды. Олардың қатарынан Владислав Барулин 1-минутта есеп ашса, Матвей Надвроный 8-минутта басымдықты арттырды.
Ал 28-минутта «Барыс» сапынан Аңсар Шайхмедденов өз мүмкіндігін мүлт жібермесе, ресейлік клубтан Кирилл Капустин 30-минутта қайтадан есепті үстемелей түсті.
Ойынның үшінші кезеңінде алғашқы минуттан таразы басын теңестіруге ұмтылды. Осындай сәттің бірінде 40-минутта Райли Уолш көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша елордалық команда қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.
Елордалық клуб бұдан кейін тағы екі ойынын сырт айданда өткізеді. Алдымен 29 қазанда Ресейде «Авангард» (Омбы) клубымен кездессе, одан кейін «Трактор» (Челябі) командасымен шеберлік байқасады.