Командалар турнир кестесінде қатарлас келеді. Сондықтан екеуі де бүгінгі кездесуде жеңіске жетіп, жағдайын жақсартып алуға тырысты.
Ойын барысында ресейлік клубтың белсенділігі байқалып тұрды. Олардың қатарынан Владислав Барулин 1-минутта есеп ашса, Матвей Надвроный 8-минутта басымдықты арттырды.
Ал 28-минутта «Барыс» сапынан Аңсар Шайхмедденов өз мүмкіндігін мүлт жібермесе, ресейлік клубтан Кирилл Капустин 30-минутта қайтадан есепті үстемелей түсті.
Ойынның үшінші кезеңінде алғашқы минуттан таразы басын теңестіруге ұмтылды. Осындай сәттің бірінде 40-минутта Райли Уолш көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша елордалық команда қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.
Елордалық клуб бұдан кейін тағы екі ойынын сырт айданда өткізеді. Алдымен 29 қазанда Ресейде «Авангард» (Омбы) клубымен кездессе, одан кейін «Трактор» (Челябі) командасымен шеберлік байқасады.