Кездесу барысында командалар тартысты ойын өрбітті. Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Одан кейінгі екі кезеңде командалар төрт-төрттен шайба соқты.
«Адмирал» (Владивосток, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 5:4 ОТ (0:0, 1:2, 3:2, 1:0)
1:0 — Ибрагимов (Шулак, Муранов) — 23:20
1:1 — Бэйли (Пилон) — 26:41
1:2 — Томпсон (Шестаков) — 36:01
2:2 — Шулак (Цицюра) — 41:54 ГМ
3:2 — Завгородний (Шулак, Цицюра) — 44:26
3:3 — Приски (Морелли, Бэйли) — 46:24
4:3 — Камара (Шулак, Чезганов) — 48:42
4:4 — Симонов (Масси, Морелли) — 54:16
5:4 — Волков (Муранов) — 60:23
Қақпашылар: Бояркин — Шепард.
Осылайша, елордалық клуб қарсыласына овертаймда 4:5 есебімен есе жіберді.
Астаналық команда кейінгі алты ойынның төртеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің үшеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.
Екі команда арасындағы кейінгі бес ойынның үшеуінде елордалық клуб жеңіске жетті.
Қазақстандық команда бұдан кейін алты кездесуді сырт айдында өткізеді. Алдымен 26 қазанда Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен кездессе, одан кейін 28 қазанда Беларусьтің «Динамо» (Минск), 30 қазанда Қытайдың «Шанхайские Драконы» (Шанхай) клубтарымен ойнайды.
Одан кейін 4 қарашада Ресейде «Трактор» (Челябі), 6 қарашада «Адмирал» (Владивосток), 8 қарашада «Амур» (Хабаровск) клубтарымен шеберлік байқасады.