ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Нефтехимиктен» басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді.

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу аса тартысты жағдайда өтті. Бірінші және екінші кезеңде командалар бір-бірден шайба соқты. Шешуші кезеңде екі шайбадан гол енгізіп, негізгі кезеңде 4:4 есебі тіркелді. Овертаймда қазақстандық команда жеңіс шайбасын соқты.

«Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 4:5 ОТ (1:1, 1:1, 2:2, 0:1)

Шайбалар:

0:1 — 04:37 Бэйли (Дэй, Маккошен).
1:1 — 16:35 Надворный (Кол, Артемьев).
2:1 — 20:34 Белозёров (Жафяров).
2:2 — 27:08 Томпсон (Симонов, Морелли).
3:2 — 44:18 Федотов (Петунин, Точилкин). В большинстве
4:2 — 47:32 Тянулин (Бикмуллин, Митякин). В равенстве
4:3 — 49:37 Өмірбеков (Приски, Бэйли)
4:4 — 59:48 Пилон (Дэй)
4:5 — 61:32 Симонов.

Қапашылар: Озолин — Шепард.

Осылайша елордалық клуб овертаймда қарсыласынан 5:4 есебімен басым түсті.
Турнир кестесінде «Нефтехимик» командасы 11 ойыннан кейін 15 ұпаймен үшінші орында тұрса, «Барыс» 10 ойыннан кейін 10 ұпаймен он екінші орында келеді.

Екі құрама арасындағы соңғы бес кездесудің барлығында қазақстандық команда қарсыласына есе жіберді.

Қазақстандық команда бұдан кейін бір ойынын сырт айдында өткізіп, 4 қазанда «Спартак» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасады.