Бірінші кезеңде командалар қазақстандық команда үш шайба соқса, оған қытайлық клуб бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде «Шанхай айдаһарлары» тағы екі гол енгізді. Нәтижесінде негізгі кезеңде 3:3 есебі тіркеліп, ойын овертаймға ұласты.
Овертаймда қытайлық клуб жеңіс шайбасын соғып кетті. Осылайша «Барыс» қарсыласына овертаймда 3:4 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 құрамына енген командалар шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі екі жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ. Биыл да олар плей-офф аймағынан тыс қалып отыр.
«Барыс» клубы бұдан кейін бір ойынын елордада өткізіп, 22 ақпанда Ресейдің «Северстальв» (Череповец) командасымен шеберлік байқасады.