Кездесу барысында елордалық клуб бірінші кезеңде алғашқы болып есеп ашқан еді. Есесіне екінші және үшінші кезеңде өз қақпасына төрт гол жіберіп алды.
«Ак Барс» (Казань, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 4:1 (0:1, 3:0, 1:0)
Голдар
0:1 — 08:53 Логвин (Дэй, Симонов).
1:1 — 21:54 Кателевский (Якупов).
2:1 — 23:20 Денисенко (Яруллин, Евсеев).
3:1 — 24:14 Миллер (Лямкин, Якупов).
4:1 — 59:14 Семёнов (Денисенко, Яруллин).
Қақпашылар: Билялов — Шутов 00:00–24:14, Шепард 24:14–60:00.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Салдарынан қатарынан олар үш ойында жеңілістің ащы дәмін татты.
Қазақстандық команда алдағы екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 2 қазанда «Нефтехимик» (Нижнекамск) клубымен кездессе, 4 қазанда «Спартак» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасады.