Кездесу барысында бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Одан кейінгі екі кезеңде ресейлік клуб бір-бірден шайба соқты.
«Амур» (Хабаровск, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)
1:0 — Ли (Абрамов, Лихачёв) — 37:05
2:0 — Ураков (Петьков) — 59:51
Қақпашылар: Трушков — Шепард.
«Барыс» командасының құрамы
Қақпашылар: Данил Лыткин («Номад» командасынан келді), Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Владислав Нурек Азия чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының сапына шақыру алса, Мәди Диханбек қалпына келу процесін жалғастыруып жатыр.
Осылайша, елордалық клуб қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді.
Енді қазақстандық команда алдағы екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 12 қарашада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізсе, одан кейін 15 қарашада «Металлург» (Магнитогорск) ұжымын қабылдайды.
Айта кетсек, елордалық клуб бұдан Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасынан жеңіліп қалған еді.