Биыл Құрлықтық хоккей лигасында сәтті ойын көрсетіп келеді. Турнир кестесінде «Динамо» командасы 7 ойыннан кейін 11 ұпаймен он бірінші бірінші орында тұрса, «Барыс» 8 ұпаймен сегізінші орында келеді.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Бірінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде елордалық клуб екі гол соқса, оған ресейлік команда бір голмен жауап қайтарды. Шешуші кезеңде қазақстандық команда тағы екі мәрте көзге түсті.
«Динамо» (Мәскеу, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 0:5 (0:0, 1:2, 0:1)
0:1 - Пилон (Масси, Бэйли) - 22:32
1:1 - Коростелёв (Пыленков, Сикьюра) - 27:43
1:2 - Пилон (Данияр См., Маккошен) - 33:25
1:3 - Масси (Ляпунов, Логвин) - 45:15
1:4 - Бэйли (Масси, Морелли) - 58:37
Қақпашылар: Подъяпольский - Шутов.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық команда Ресейде «Локомотив» (Ярославль) командасын 5:0 есебімен қапы қалдырған еді.
Екі команда арасындағы соңғы бес кездесуде елордалық клуб төртеуінде қарсыласынан басым түсті.
«Барыстың» құрамы
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Айта кетсек, қазақстандық команда бұдан кейін тағы екі кездесуін елордада өткізеді. Алдымен 25 қыркүйекте Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен шеберлік байқасса, одан кейін 27 қыркүйекте СКА (Санкт-Петербург) клубымен ойнайды.