Ойынның бірінші кезеңінде қазақстандық команда бір шайба соқса, екінші кезеңде олар екі мәрте қақпаны дәл көздеді. Шешуші кезеңде «Барыс» тағы үш мәрте гол соқты.
«Лада» (Тольятти, Қазақстан) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 0:6 (0:1, 0:2, 0:3)
0:1 — Масси (Омирбеков, Муратов) — 18:12
0:2 — Бэйли (Қайыржан) — 21:00
0:3 — Симонов (Ляпунов, Бекетаев) — 39:14
0:4 — Маккошен (Савицкий) — 46:01
0:5 — Бэйли — 53:04
0:6 — Томпсон (Приски) — 55:14
Қақпашылар: Подскребалин (Мишуров, 40:00 — 60:00) — Шепард.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 6:0 есебімен басым түсті.
Енді қазақстандық команда алдағы үш ойынын Ресейде өткізеді. Алдымен 18 қыркүйекте «Металлург» (Магнитогорск) клубымен кездессе, 20 қыркүйекте «Локомотив» (Ярославль), 22 қыркүйекте «Динамо» (Мәскеу) командаларымен ойнайды.
Айта кетейік, елордада қазақстандық команда Ресейдің «Сибирь» (7:1) және «Салават Юлаев» (8:6) командаларын жеңіп, «Амурға» (1:3) есе жіберді.