ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Нефтехимикке» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 24 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) клубына қарсы өткізді.
Кездесу барысында ресейлік команда бірінші кезеңде жалғыз гол соқты. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде командалар екі-екіден шайба алмасты.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.
Нефтехимик (Нижнекамск) — Барыс (Астана) 3:2 (1:0, 0:0, 2:2)
1:0 — Профака (Хоружев, Дергачёв) — 12:58
2:0 — Белозёров — 41:31
2:1 — Симонов (Уолш, Масси) — 51:37
3:1 — Шафигуллин — 58:07
3:2 — Уиллман — 59:36
Қақпашылар: Озолин — Шил.
Қазірге дейін командалар 45 мәрте шеберлік байқасты. Оның 23-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін бір ойынын елордада өткізіп, 28 қаңтарда «Адмирал» (Владивосток) командасымен кездеседі.