ҚХЛ: «Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы ойынын қашан өткізеді

Фото: hcbarys.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Елордалық «Барыс» командасының Құрлықтық хоккей лигасы 2025-2026 жылғы жаңа маусымын қашан бастайтыны белгілі болды.

Қазақстандық клуб жаңа маусымда алғашқы үш ойында елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады. 

Жаңа маусымның толық күнтізбесі ертең, 4 шілдеде анықталады.

Биыл «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында сәтсіз ойын көрсетті. Шығыс конференциясында 12 орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.

Айта кетсек, «Барыс» хоккей командасының бас директоры қызметіне Сәкен Мұсайбеков тағайындалды.
Ал сәуір айында Нұрлан Оразбаев «Барыс» командасының бас директоры қызметінен кетті.