ҚХЛ: «Барыс» жаңа маусымды жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын бүгін, 7 қыркүйекте елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізді.

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық команда бұл кездесуді сәтті өткізді. Алдымен бірінші кезеңде қарсылас қақпасына бір шайба енгізсе, екінші кезеңде тағы бес шайба соқты. Шешуші кезеңде «Барыс» екі шайба соқса, оған ресейлік клуб бір голмен жауап берді.

Осылайша жаңа маусымдағы бірінші ойынды 7:1 есебімен жеңіспен бастады. 

«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Сибирь» (Новосибирск, Ресей) 7:1 (1:0, 5:0, 1:1)

1:0 - Логвин (Симонов, Ляпунов) - 12:47

2:0 - Қайыржан (Данияр Самат., Приски) - 24:27

3:0 - Бэйли (Морелли, Данияр Самат) - 30:30

4:0 - Симонов (Қайыржан, Логвин) - 33:42 

5:0 - Приски (Логвин, Симонов) - 36:39

6:0 - Бэйли (Пилон, Шепард) - 38:35

7:0 - Пилон (Морелли, Бэйли) - 46:33

7:1 - Валитов (Бек, Аланов) - 53:30

Қақпашылар: Шепард - Бердин (Габдрахманов, 33:42 - 40:00).

Енді қазақстандық клуб алдағы ойынын 9 қыркүйекте елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді. 

Алдағы маусымға барлығы 22 команда қатысады. Олардың қатарында елордалық «Барыс» та бар. Командалар жылдағыдай Шығыс және Батыс конференциясына бөлінген.