Сергей Шумаков (№69) лақтырған шайбадан кейін 29-шы минутта алаң иелерінің бас жаттықтырушысы қақпашыны бұғаттауды сұрады. Видеотаспаны көру нәтижесінде мыналар анықталды: қақпашы бұғатталды, қақпа алынған жоқ.
Алаң иелерінің ойыншысы Кертис Волк (№14) лақтырған шайбадан кейін 51-ші минутта қонақтардың бас жаттықтырушысы қақпашыны бұғаттауға сұрау салды.
Видеотаспаны көру нәтижесінде мыналар анықталды: қақпашы бұғатталды, қақпа алынған жоқ.
Еске салайық, кеше елордалық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының матчында өз үйінде омбылық «Авангардты» 4:3 есебімен жеңді. 11 ақпанда «Барыс» екатеринбургтық «Автомобилистермен» ойнайды.