НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысында бүгін ресейлік «Металлург» (Магнитогорск) командасымен алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын Нижнекамск қаласындағы «Металлург» аренасында болады. Басталуы - елорда уақытымен 20:00. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Алғашқы екі ойын 1 және 3 наурыз күндері Магнитогорск қаласында өтеді.
Одан кейінгі екі кездесу 5 және 7 наурызда елордада болады. Алғашқы төрт матчта жеңімпаз анықталмаған жағдайда, одан кейінгі ойындар 9 наурызда Магнитогорскіде, 11 наурызда Нұр-Сұлтанда, 13 наурызда Магнитогорскіде өтеді.
Айта кетсек, «Барыс» шығыс конференциясында сегізінші орынға тұрақтаса, «Металлург» екінші орынға табан тіреді.
Екі команда бұған дейін 57 мәрте кездескен. Олардың 35-де «Металлург» басым түссе, 22-де «Барыс» жеңіске жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб Ресейдің «Спартак» және «Динамо» командаларымен жолдастық кездесу өткізді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.