ҚХЛ: «Барыс» клубы Сочиге аттанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық «Барыс» клубы ҚХЛ чемпионатында сырт айдындағы ойындарын өткізу үшін Ресейге аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» хоккей клубынан мәлім еткендей, жаттықтырушылар штабы осы кездесулерге қатысатын команда құрамын жариялады.

Қақпашылар: Хенрик Карлссон, Эдди Паскуале, Сергей Кудрявцев.

Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Даррен Диц, Никита Клещенко, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Атте Охтамаа, Максим Семёнов, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Павел Акользин, Дастин Бойд, Линус Виделль, Кёртис Волк, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Корбэн Найт, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков. 

Жарақатынан айыққан канадалық қорғаушы Джесси Блэкер командаға қайта қосылса, оның отандасы, қақпашы Э.Паскуалені ҚХЛ бір ойынға шеттеткендіктен, ол алдағы матчқа қатыса алмайды.

Андрей Скабелканың шәкірттері 7 желтоқсан күні «Сочи», 9 желтоқсанда «Авангард» (Омбы) командаларымен сынға түседі. Кейін, 18 желтоқсанда Нижний Новгородта «Торпедо», 20-сы күні Подольскіде «Витязь», 22-сінде Мәскеуде «Спартакпен» айдынға шығады.

Айта кетейік, бұған дейін өз айдынында «Йокерит» клубынан жеңіліп қалған елордалықтар 42 ұпаймен ҚХЛ-дың жалпы кестесінде оныншы, Шығыс конференциясында төртінші орында келеді.