АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында Новосібірде астаналық «Барыс» командасы «Сібір» хоккейшілерімен кездеседі.
Ағымдағы ойын маусымында қарсыластар үш рет кездесіп, оның екеуінде «Сібір» жеңіске жеткен еді.
ҚХЛ-дың турнирлік кестесінде екі команданың арасындағы ұпай айырмашылығы 19-ға жетіп отыр. Яғни, бүгінде «Барыс» 70 ұпайымен Шығыс конференциясында 7-ші орында, ал «Сібір» 11 орынға тұрақтады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі ойында астаналықтар Омбының «Авангардына» 3:2 есебімен есе жіберіп алды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.