ҚХЛ: «Барыс» «Локомотивті» 4:3 есебімен жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы матчында астаналық «Барс» Ярославль қаласының «Локомотив» командасын 4:3 есебімен жеңді.

Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.

Есепті ойынның алғашқы минутында-ақ «Локомотив» ойыншылары ашты. Алайда, Дмитрий Мальцев пен Дмитрий Гавриков салған шайба астаналық команданың еңсесін түсірмеді, Ерлан Сағымбеков шәкірттері 3 минуттың ішінде есеп теңестірді. Роман Старченко, соңынан Роман Савченко таразы басын тең қылды. Екінші кезеңде «Барыс» алға шықты. Ойынның 24-ші минутында астаналық команда ойыншылары тағы екі шайбаны қарсыласының қақпасына дәл бағыттады. «Барыстың» келесі қарсыласы - Тольяттидің «Ладасы». Матч 8 қыркүйек күні өтеді.